Бас дәрігер

        Дюсупова Гүлзинеп Суюнгалиевна КМК ШЖК Атырау қалалық перзентханасының бас дәрігері.

         Гүлзинеп Суюнгалиевна әлеуметтік ұйымдастырушы дәрігер, жоғары санатты гигиенист, денсаулық сақтау саласының үздік маманы.

         Дюсупова Г. С. Ақтөбе мемлекеттік медицина университетінің «Педиатрия» факультетін бітірген. Өзінің еңбек жолын ВСБО-4 Атырау қаласында педиатор дәрігер болып бастаған, кейін инфекциялық жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. Одан кейін біріккен қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері болды. Қалалық балалар емханасының бас дәрігері қызметіне тағайындалды. Осы қызметтерінен кейін Ана мен бала денсаулығын қорғау басқармасының бастығының орынбасары болып еңбек етті.

         2009 жылдың желтоқсан айынан бастап Атырау қалалық перзентханасының бас дәрігері болып тағайындалды. Бүгінгі таңда бұл перзентхана толық көлемде акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету қызметін өз емделушілеріне ұсынып отыр. 2008 жылы мемлекеттік мекемелер қызметкерлерін қайта даярлайтын Қазақстан Республикасының Президентінің мемлекеттік басқару Академиясында дайындықтан өтеді.

         Дюсупова Гүлзинеп Суюнгалиевна өз қызметтеріне менеджменттің заманауи әдістерін қолдану үрдісін қалыптастыра білген ұйымдастырушы. Жұмысты сауатты жоспарлау, қызметкерлердің заманауи еңбек тәсілдеріне бейімделуі, белсенді еңбек шарттарын қалыптастыру және енгізу.

         Гүлзинеп Суюнгалиевнаның заманауи менеджментті өз қызметінің барысында қолға алып, оның іске асырылуына ат салысуының арқасында көшпелі тәжірибелік конференциялар өткізіліп отырады. Сонымен бірге Алматы, Астана, Ақтөбе, Москва қалаларының білікті мамандарының арнайы шеберлік сабақтарының да тәжірибе алмасу ретінде өткізілуіне баса назар аударылған.

         Дюсупова Г. С. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. «Қазақстан экономикасының мақтаныштары» («Славы экономики Казахстана») орденінің иегері. «Денсаулық сақтау ісінің алтын кітабына» 2002 және 2014 жылдары енді. Осы 2014 жылы «Жыл жетекшісі» деп аталатын ұлттық сертификат иегері атанды. 2014 жылы Атырау қалалық перзентханасы «Сала көшбасшысы» атағына 2012-2013 жылдар қорытындыларын қоса есептеу нәтижесінде, Қазақстан республикасының ОКЭД 86.10.2 талаптарға сәйкес «Өз міндеттерін мүлтіксіз атқаруда белсенділік танытқан кәсіпорын» болды. Сонымен қатар «Сапа көшбасшысы» сыйлығының марапатын иемденді. Қалалық перзентхана Қазақстан республикасы бойынша 26 қалалық перзентханалардың ішінде 4-ші, 5-ші орындарды иемденеді.