ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФИЯ ЖАСАТУ ҚАЖЕТ?

❗️Коронавирусқа күдіктенген науқастар үшін компьютерлік томография белгілі бір белгілер болған жағдайда ғана жасалуы керек.

✅КТ-ны қандай жағдайда өткен дұрыс?

Ентігу, жөтел және жоғары температура болған кезде. Аурудың 4-5-ші күнінде, клиникалық көрінісі айқындалған жағдайда ғана компьютерлік томография жасалады. Егер вирустың жеңіл формасымен ауырсаңыз, тексерудің бұл түрінен бас тартқан жөн.

✅Сонымен қатар тексерудің басқа да балама түрлерін таңдай аласыз?

Жалпы қан анализі, рентген, ультрадыбыстық зерттеу (УЗИ). Жоғарыда келтірілген талдау нәтижелері қабыну процестерін анықтауға және емдеу алгоритмін түзетуге көмектеседі.