Біз туралы

 

«Атырау қалалық перзентханасы» ШЖҚ КМК «Қауіпсіз ана» қағидаттарын ұстана отырып, 2009 жылдың желтоқсан айынан бастап жұмыс істейді және қазіргі уақытта перинаталдық көмектің III деңгейін жүзеге асырады. 2 бөлімшемен жұмыс істей бастады – босанғанға дейінгі бөлімде 40 төсек, босанғаннан кейінгі бөлімде 60 төсек.

Перзентханада 100 стационарлық және 30 стационаралмастыратын  төсектен тұрады.

Босанғаннан кейінгі бөлім – 68 төсек

Жүкті әйелдер патологиясы бөлімі – 15 төсек

Гинекологиялық бөлімше – 5 төсек

Жаңа туылған нәрестелер патологиясы бөлімшесі – 12 төсек, оның ішінде 6 төсек ПИТ

Ересектерге арналған 6 төсектік реанимация және қарқынды терапия палаталары;

10 төсекке арналған жеке босану палаталары;

Перзентханада қосалқы қызметтер көрсетіледі:

клиникалық және биохимиялық зертхана, - ультрадыбыстық диагностикалық кабинет,

Рентген кабинеті, кабинеттер: функционалды диагностика, аудиометрия, кольпоскопия.

 Неонатологиялық және анестетикалық қызметтер тәулік бойы жұмыс істейді.

30 төсектік күндізгі стационар жұмыс істейді

Қалалық перзентхана мамандандырылған, жүйелендірілген арнайы медициналық көмекті орташа перинатальды 3 деңгейлі көмек көрсету жүйесі бойынша іске асырып отыр.

Бүгінгі таңда перзентханада ота жасаудың жедел түрі, жоспарлы түрі және малоинвазивтік, лапароскопиялық хирургия жолдарының саны артты. Сонымен қатар жеңіл түрде жасалатын оталарды күндізгі стационарлық бөлім де іске асыруда.

Жақсартылған мамандандырылған жаңа бөлімдерді жасақтау және ұйымдастыру мақсатында 6 жылдың көлемінде жұмыс жүргізілді. Бұндай бөлімдерді қалыптастыру мен оны жүзеге асырудың негізгі мақсаты аналар мен сәбилерге сапалы түрде арнайы мамандандырылған медициналық көмек көрсету.

Сәбилерді дүниеге алып келуге барлық жағдай мен барлық көмекті көрсететін арнайы мекемелердің арасынан осы біздің перзентханамыз 2016 жылы Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы мамандандырылған сапа комисиясының көрсеткіші бойынша 3 орынды иемденді және «Алтын сапа» сыйлығымен марапатталды.

2012-2013 жылдың Ұлттық бизнес көрсеткішінің сараптама нәтижесінің қорытындысы бойынша кәсіпорын халықаралық «Өз мамандығы саласының көшбасшысы» деп аталатын марапатқа ие болды. 2014 жылы «Сала үздігі» сертификатын және перзентхана бас дәрігері «Звезда Славы экономики Казахстан» (Қазақстан экономикасының Даңқ жұлдыздары) орденімен марапатталды. Сонымен қатар Женевада өткен байқауда Европалық Гран-Приді медицина саласында жеткен жетістігі үшін жеңіп алды және 2014 жылы «Сала үздігі» белгісімен марапатталды. Қазақстан Республикасының 2002-2014 жылдар аралығын қамтитын Денсаулық сақтау энциклопедиясына енді.